Кемшілік келді

lat: Kemshilik keldi

Нұқсан тиді, зиян болды. Жұғатын ештеңем жоқ. Жұмыс істегеннен атағына немесе мамандығына к е м ш і л і к келеді дегендер болса маған жібер (Е.Оразақов, Дәрігер.). Жайылымның шөбі нашар болған күнде жас жылқы өсіп-есеюіне к е м ш і л і к к е л м е с үшін оған қолдан шөп пен сұлы беріледі (Д.Керімбаев, Қазақст. жылқы.).